Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында әйелдер арасындағы командалық спринт жарысы өтті, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл бағдарламада Қазақстан құрамасының намысын Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз төртінші орын алды. Жеңіс Нидерланд құрамасына бұйырды. Екінші орынды Канада иеленсе, Польша үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғайды. Құрама сапында Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина, Евгений Кошкин және Алтай Жәрдембекұлы бар.