×

Сенсация! Руслан Құрбанов Олимпиада чемпионын жеңді

Семсерлесуден Руслан Құрбанов ширек финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz

28.07.2024, 18:39
Владислав Семенов

Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында командамыздың көшбасшысы Руслан Құрбанов 1/8 айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы Ромен Каннонды ұтты. Есеп: 15-10

Осыған дейін Руслан алғашқы кездесуінде марокколық Хуссас Ел Кордты 15-13 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Руслан былтыр Миландағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Бұл еліміз үшін ӘЧ-ның алғашқы жүлдесі саналады.

Новости партнеров