×

Париж Олимпиадасы: Назым Қызайбай жеңісті жұлып алды

Бокстан әйелдер арасында алғашқы жерлесіміз шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz

28.07.2024, 20:18

Бокстан әйелдер арасында жарыс жолын бастаған 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бірінші айналымда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Джиордана Соррентиноны (Италия) 4:1 есебімен жеңді.

Алғашқы раундта Назым 2:3 есебімен жеңіліп жатса да, қалған уақытта жекпе-жекті өз жағына өзгерте білді.

Енді жерлесіміз 1/8 финалда Пан Американ ойындарының жеңімпазы Каролин Де Алмейдамен жұдырықтасады.

Новости партнеров