×

Аты аңызға айналған ең қарт әлем чемпионы дүниеден озды

Даңқты америкалық боксшы, олмипиада чемпионы Джордж Форман өмірден озды. Әйгілі боксшы биыл қаңтарда 76 жасқа толған еді, деп хабарлайды Ulyssport.kz TMZ-ге сілтеме жасап.

22.03.2025, 10:20
Аты аңызға айналған ең қарт әлем чемпионы дүниеден озды
Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аңыз спортшының дүниеден озғаны туралы қаралы хабарлы жалпақ жұртқа оның туыстары таратты.

Біздің сүйікті Джордж Эдвард Форман-біріншінің 2025 жылғы 21 наурызда жақындарының ортасында көз жұмғаны туралы қайғыра хабарлаймыз, – деп жазды боксшының туыстары.  

ТАРИХТЫ ЖАЗҒАН БОКСШЫ

Джордж Форман спорттық мансабында талай биікті бағындырып, қалың жанкүйердің сүйіктісін айналған. Ол 1968 жылы Мехикода өткен Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алған. Осы жетістігінен кейін кәсіпқой боксқа ауысып, WBC, WBA және IBF нұсқалары бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы атағын иеленген. Кәсіпқой бокс мансабында ол Джо Фрейзерд, Мұхаммед Әли, Майкл Мурер сынды көптеген әйгілі панчермен шаршы алаңға шыққан.

ҚАЙТА ОРАЛУ

1977 жылы Форман бокспен қоштасып, шіркеуде пастор болып қызмет етті. Бірақ спортқа деген махаббаты оны сүйікті ісінен алшақтатпай, 10 жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. 1994 жылы 45 жастағы Джордж Форман 26 жастағы Майкл Мурерді жеңіп, әлем чемпионы атағын қайтарады. Сөйтіп ол осы жеңісімен ауыр салмақтағы ең қарт әлем чемпионы ретінде тарихқа енді. Ол спорттық мансабын 1997 жылы 76 жеңіс (оның 68-і нокаутпен) және 5 жеңіліспен аяқтады.

Новости партнеров