×

Ресей олимпиадаға орала ма: ХОК басшысы жауап берді

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) жаңа басшысы Кирсти Ковентри Ресейдің төртжылдық бәсекесіне оралу мәселесін талқылауға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulyssport.kz 

 

22.03.2025, 14:22
Ресей олимпиадаға орала ма: ХОК басшысы жауап берді
IOC/Greg Martin

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кирсти Ковентри соғысты алға тартып, елдерді Олимпиадаға қатысудан шеттетуге қарсы екенін айтты.

Біз қақтығыс болып жатқан барлық аймақтардағы, соның ішінде менің құрлығымнан (Африка – авт.) келген спортшыларды қорғап, қолдау үшін барлық мүмкіндікті қарастыруымыз керек. Мұны қалай жүзеге асыруды талқылауға тиіспіз, - деді ол журналистермен болған баспасөз мәслихатында.

Зимбабве өкілінің айтуынша, қазір Африкада қақтығыстар әлі де болып жатыр және одан ешкім қашып құтыла алмайды.

ХОК басшысы «ресейлік спортшылар 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада ойындарына қатыса ала ма?» деген сұраққа бұл мәселе жұмыс тобының отырысында талқыланатынын айтты.

Мен қақтығыстар жағдайында дұрыс шешім қабылдау үшін тиісті ережелер әзірлейтін жұмыс тобын құрғым келеді, - деді Ковентри.

ТҰҢҒЫШ ӘЙЕЛ ПРЕЗИДЕНТ

Айта кетейік, 41 жастағы Зимбабве елінің өкілі – ХОК тарихындағы алғашқы әйел президент. Сондай-ақ ол – Пьер де Кубертеннен кейінгі ұйымның екінші жас президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдан бастап ХОК басшысы неміс Томас Бах болды. Ол жаңа мерзімге қайта сайланғысы келмеді. Кирсти Ковентри өз қызметіне биылғы 24 маусымынан бастап кіріседі.

Новости партнеров