×

Қымбат футболшылар тізіміне енген қазақстандық жас талант Еуропаға аттанады

Алдағы сәуір айында 18 жастағы қазақстандық футболшы Рауль Аллахвердиев Бельгияның белді клубы «Гентпен» келісімшартқа қол қояды, деп хабарлайды Ulyssport.kz meta-ratings.kz-ке слтеме жасап.

22.03.2025, 16:22
Қымбат футболшылар тізіміне енген қазақстандық жас талант Еуропаға аттанады
instagram.com/jenisfk.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айта кетейік, биылғы қаңтар айында Аллахвердиев «Гент» академиясында сынақтан өткен.

Қазақстандық аяқдоп шебері кәсіби футболдағы тұсаукесер ойынын 2022 жылы 15 жасында өткізген. Дебюттік маусымда ол бірінші лигада өнер көрсеткен «Жеңіс» командасы сапында үш гол соғып, 19 ойында нәтижелі паспас көзге түскен.

ҚЫМБАТ ОЙЫНШЫЛАР ТІЗІМІНДЕ

2024 жылы Аллахвердиев «Оқжетпеспен» бірінші лига чемпионы атанды (10 ойында 3 гол соғып, гол пастарын берген).

2023 жылы ол өзі қатарластары арасында әлемдегі ең қымбат 45 ойыншының тізіміне кірді (Transfermarkt-тағы құны – 175 мың еуро).

Рауль Қазақстан құрамасында U-17-де ойнады.

Әзірбайжан елінен қызығушылық болды, бірақ ол бас тартты, Қазақстанның атынан шыққысы келеді, - деп жазды басылым.

«ГЕНТТІҢ» ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ?

Бельгиялық «Гент» клубы 2018-2019 маусымнан бастап Еуропа лигасының және Конференция лигасының топтық кезеңдерінде үнемі ойнап келеді. Бұл клубтан әлемге әйгілі Кевин Де Брюйне, Дрис Мертенс сынды талантты футболшылар тәрбиеленіп шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бельгияның жоғарғы лигасында Қазақстан құрамасының футболшылары Ян Вороговский («Беерсхот», «Моленбек») мен Георгий Жуков («Беерсхот») ойнаған.

Новости партнеров