×

Ғұсман Қырғызбаев - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

28.07.2024, 20:45
Ғұсман Қырғызбаев - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері
ҰОК, Тұрар Қазанғапов

Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды.

Осыған дейін Парижде Ғұсман жеңген палуандар:

Давид Гарсия Торне (Испания) - Еуропа чемпионы;

Ан Ба Уль (Оңтүстік Корея) - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы;

Валид Хяр (Франция) - әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023 жыл), Еуропа чемпионы;

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері (60 кг, 2021 жыл), Азия чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері. Бұл оның алғашқы Олимпиадасы.

Қырғызбаев жеңісінен соң Ulysmedia тілшісіне:

Бұл жеңісімді қазақ еліне, сосын ата-анам мен әйеліме арнаймын. Бұл менің соңғы Олимпиадам. Қолдан келгеннің бәрін істедім. Жасым болса 32-ге келді. 60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада 66 келіде бұйырды. 

Новости партнеров