×

Бір кеште екі рекорд: Роналдуды тоқтататын біреу бар ма

Әйгілі португалдық футболшы Криштиану Роналду Лиссабонда өткен Португалия-Дания матчында екі бірдей рекорд жаңартты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

 

24.03.2025, 14:06
Бір кеште екі рекорд: Роналдуды тоқтататын біреу бар ма
sport5.by

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

23 наурыз күні кешке Лиссабонда Ұлттар лигасының ширек финалдық қарымта матчты өтті. Дания құрамасымен болған ойын алдында «Хосе Альваладе» стадионына жиылған қалың жанкүйердің көзінше Роналдуға халықаралық матчтарда ең көп жеңіске жеткен ойыншы ретінде Гиннес рекордтар кітабының арнайы сертификаты табысталды. Бұған дейін португалдық суперсұрмерген халықаралық мачтарда 132 рет жеңіске жеткен. Мұндай нәтиже бұрын-соңды футбол тарихында болмаған. Бірақ бұл рекордтың ғұмыры 90 минуттан сәл ғана асты. Өйткені Португалия-Дания кездесуінде 40 жастағы Роналду 133-ші жеңісін тойлап, көрсеткішін тағы да жаңартты.

АНЫҚТАМА

Криштиану Роналду 1985 жылы 5 ақпанда Португалияның Мадейра аралында дүниеге келген. Ол Еуропаның топ-клубтары: «Спортинг» (Лиссабон), «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентуста» өнер көрсетті. 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының сапында ойнайды. Ол өзінің спорттық мансабында «Алтын допты» бес рет жеңіп алған. Оның бұдан басқа спорттық атақтары мен жетістіктері жетіп артылады.  

Новости партнеров