×

Ұпай алатын мүмкіндік: Қазақстан құрамасы кезекті матчын қашан өткізеді

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчын өткізу үшін Қазақстан құрамасы құрамасы Лихтенштейн астанасы Вадуцқа ат басын тіреді. Ұлттық құрамалардың ойыны наурыздың 25-інен 26-сына ауған түні болады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

24.03.2025, 14:59
Ұпай алатын мүмкіндік: Қазақстан құрамасы кезекті матчын қашан өткізеді
championat.com

ТОЛЫҒЫРАҚ

Іріктеу кезеңінің екінші туры Вадуцтағы «Райнпарк» стадионында өтеді. Қазақстандық спорт мамандарының айтуынша, топтағы басқа командалармен салыстырған алаң иелерінің деңгейі сәл төмендеу, сондықтан Али Алиев шәкірттеріне осы ойында ұпай алуға мүмкіндік бар.

Лихтенштейн-Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі 26 наурызда Астана уақытымен сағат 00.35-те «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Уэльстен ойсырай жеңілген. Команда сапындағы жалғыз голды Асхат Тағыберген пенальтиден соқты.

Топта Қазақстан мен Лихтенштейннен бөлек, Бельгия, Уэльс және Солтүстік Македония құрамалары да бар.

Новости партнеров