×

Шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Марракеште (Марокко) шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Ulyssport.

26.03.2025, 14:40
Шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Фото: ҰОК

Әйелдер арасындағы жарыста София Николайчук, Владислава Андреева, Ляззат Карипова, Каролина Фомина, Виктория Кайдарова өнер көрсетеді.

Ерлер арасында жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Аңсар Қасен, Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Михаил Кузьмин, Нариман Уәлихан бақ сынайды.

Жарыс 27-30 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, ұлттық құрама Әлем кубогына Польшадағы оқу-жаттығу жиындарында дайындалды.

Новости партнеров