×

Үш бірдей қазақстандық балуан қолаға таласады

Амманда әйелдер күресінен Азия чемпионаты аясында жұбаныш кезеңі аяқталды, деп хабарлайды, Ulyssport.

27.03.2025, 21:05
Үш бірдей қазақстандық балуан қолаға таласады

Оның қорытындысы бойынша финалдық бөлікке екі қазақстандық балуан өтті. Гүлдана Бекеш (59 кг дейін) өзбекстандық Сарбиназ Жиенбаеваны жеңді.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ирина Казюлина (68 кг дейін) де үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның ширек финалдағы қарсыласы, қытайлық Цзелу Ли Азия чемпионатының финалына шықты.

Осылайша, "қола" үшін үш қазақстандық спортшы таласады. Бұған дейін финалдық кезеңге Светлана Анкичева (50 кг дейін) өткен болатын.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр