×

Дмитрий Попко теннистен Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP рейтингісінде 245-орын) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

28.03.2025, 17:09
Дмитрий Попко теннистен Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Екінші айналымда ол әлемнің бұрынғы 17-ракеткасы, ATP турының бес дүркін чемпионы, соның ішінде 2023 жылғы ATP 250 Astana Open турнирінің жеңімпазы француз Адриан Маннариноны (ATP рейтингінде 145-орын) 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Дмитрий аргентиналық Тиагу Тирантені жеңуі керек.

Новости партнеров