Қазақстан әйелдер күресі құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде Бақбергенованың қарсыласы қытайлық Ючи Лю болды.
Кездесу нәтижесінде қазақстандық спортшы 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, 29 жастағы Жәмила Бақбергенова — құрлықтық біріншіліктердің көп дүркін чемпионы және жүлдегері. Сонымен қатар, спортшы әлем чемпионаттарында үш мәрте күміс медаль иеленген.