×

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан финалда сүрінді

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

30.03.2025, 07:29
Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан финалда сүрінді
UWW

ТОЛЫҒЫРАҚ

Финалда ол Жапония елінің намысын қорғаған Араш Йошидамен белдесіп, 1:7 есебімен жеңіліп қалды. Балуандар 97 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Сөйтіп сарықұрлық бәсекесінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті. Бұған дейін 57 келіде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Рахат Қалжан қола медальға қол жеткізген.   

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 30 наурызда балуандар бес салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге таласады.  

Новости партнеров