10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу сайысында отандасымыз Александра Ле 6-орынмен аяқтады, деп хабарлайды, Ulyssport.kz
Финалдық сайыста жүлде бұйырмаса да, Александра Ле 5 дүркін Әлем чемпионы Дженат Хегг (Норвегия), 3 дүркін Әлем чемпионы Рамита Жиндалдан (Үндістан) басып озды.
Бұған дейін 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында дәл осындай үздік көрсеткішке қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун қол жеткізген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Александра Ле бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сатпаевпен бірге Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.