Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметіне Дархан Нұрханұлы тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.
Дархан Нұрханұлы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің түлегі. Сонымен қатар, ол қаржы саласында орта білім мен заң саласында жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2011 жылы құрылыс компаниясында жұмысшы ретінде бастаған. Ол мемлекеттік құрылымдарда жетекші маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілді.
2020-2021 жылдары ҚР Премьер-Министрінің әлеуметтік даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша орынбасарының кеңесшісі болды.
Кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылы тамыз айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.