Қазақстанның құрамасы 2025 Virtus Open European Athletics Indoor Championships —интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар арасында жеңіл атлетикадан еуропалық біріншілікке алғаш рет қатысты. Чемпионатқа 13 мемлекеттен 200 астам спортшы қатысты. Жарыстар Эспоодағы Kameleontenспорт кешенінде өтті, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстанның атынан аутизмі бар спортшылар (II3 санат) өнер көрсетті. Бұл жарыс оларға осындай деңгейдегі бірінші халықаралық сөре.
- Бұл балалар үшін халықаралық аренадағы алғашқы тәжірибе болды. Олар Парижде өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарымен бірге Еуропаның мықты жеңіл атлеттерімен жарысып, Қазақстанның атынан лайықты өнер көрсетті. Бұл жарыс біз үшін паралимпиадалық циклдің мықты бастамасы болды және келесі қадам — Халықаралық Паралимпиада Комитетімен (IPC) санкцияланған сөрелерге қатыса алатынымызға көзіміз жетті, деді «Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ-нің президенті Дина Темиргалиева.
Нәтижелері:
60 метрге жүгіру (II3)
Дастан Ордабай (Астана) – күміс
Дмитрий Шарай (Астана) – қола
400 метрге жүгіру (II3)
Мади Жакып (Алматы) – қола
1500 метрге жүгіру (II3)
Азамат Аширбай (Астана) – қола
200 метрге жүгіру (II3)
Дастан Ордабай – күміс
800 метрге жүгіру (II3)
Дастан Ордабай – күміс
Азамат Аширбай – қола
4 орын — Дмитрий Шарай
Ұзындыққа секіру (II3)
Дастан Ордабай – алтын
АЙТА КЕТЕЙІК
«VIRTUS» интеллектуалдық дамуында ерекшеліктері бар тұлғалардың халықаралық спорт федерациясы Халықаралық паралимпиадалық комитетімен мойындалған. 100 – ден аса мемлекет Virtus мүшелері болып табылады және 7000–нан аса спортшы халықаралық жарыстарға қатысу үшін Virtus–қа тіркелген. Федерация интеллектуалды ерекшеліктері бар спортшылардың рұқсатын, жоғары жетістік жарыстарын өткізуді және спорттың дамуын реттейді. Интеллектуалдық дамуында ерекшеліктері бар адамдарға ақыл кемістігі IQ 75 немесе одан да төмен, маңызды қосымша ерекшеліктері бар адамдар (даун синдромы) және АСБ (жоғары функционалды аутизм) жатады. Virtus Global Games-те жеңіл атлетикадан, жүзуден және теннистен жақсы нәтижелер көрсеткен II1 санатындағы спортшылар Паралимпида ойындарына тікелей жолдама алады.
«Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ 2022 жылдың ақпанында құрылып, Қазақстанның 13 аймағында филиалдары бар. Федерация интеллектуалдық дамуында ерекшеліктері бар адамдар арасында жоғары жетістік спортын дамыту және танытумен, спорт іс-шараларын ұйымдастырумен, өткізумен айналысады және Орталық Азия территориясындағы ерекшеленетін жалғыз ұйым болып табылады. 2023 жылдан бері «VIRTUS» интеллектуалдық дамуында ерекшеліктері бар тұлғаларға арналған халықаралық спорт федерациясының мүшесі.