×

Үш қазақстандық боксшы Әлем кубогының финалына шықты

Қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында үш жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

05.04.2025, 13:02
Үш қазақстандық боксшы Әлем кубогының финалына шықты
Фото: ҰОК

Жартылай финалда жеңіске жеткендер: Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін), Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін) және Жазира Орақбаева (51 келіге дейін).

Ал қола медаль иегерлері – Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары).

Новости партнеров