×

Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

02.07.2024, 23:20
Wimbledon

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева турнирдің алғашқы кезеңінде “Уимблдон-2018” жеңімпазы, үш дүркін Үлкен Дулыға иегері, әлемнің экс 1-ракеткасы, 36 жастағы Анжелика Керберді 7:5, 6:3 есебімен ұтып кетті.

Жерлесіміз үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, чехиялық Катерина Синяковаға қарсы ойнайды.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Ұлыбритания ашық біріншілігінде жұптық сында Дания спортшысы Клара Таунсенмен бірге ойнайды. Бірінші айналымдағы қарсыластары Рио Олимпиадасының чемпиона ресейлік Елена Веснина мен Диана Шнайдер.

Новости партнеров