Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстағы ең беделді рейтингтің көшін бастады, деп хабарлайды Ulyssport.
BoxRec Әлімханұлына жоғары баға берді
Бокстың халықаралық статистикасы мен рейтингтерін жүргізетін BoxRec порталы Жәнібек Әлімханұлының статусын жаңартты. Ол жуырда франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссаны нокаутпен жеңіп, жеңісінен кейін орта салмақтағы әлемнің №1 боксшысы атанды.
BoxRec рейтингінде екінші орынды WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара иеленсе, үшінші орында IBO чемпионы, британдық Крис Юбэнк-кіші орналасқан.
Жеңіс
Еске салайық, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Алимханұлы Астанада француз боксшысымен жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.
5 сәуір күні «Барыс Арена» мұз сарайында (Астана қ.) өткен бокс кешінде IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені (14-0, 9 КО) 5-раундта нокаутқа жіберіп, өз белбеулерін қорғап қалды.