×

Жәнібек Әлімханұлы Астанадағы жекпе-жектен кейін қанша табыс тапты

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Астанадағы жекпе-жек үшін кепілдендірілген 500 мың доллар табыс тапты, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:08
Жәнібек Әлімханұлы Астанадағы жекпе-жектен кейін қанша табыс тапты
Фото: instagram

WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Алимханұлы Астанада француз боксшысымен жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. 

5 сәуір күні «Барыс Арена» мұз сарайында (Астана қ.) өткен бокс кешінде IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені (14-0, 9 КО) 5-раундта нокаутқа жіберіп, өз белбеулерін қорғап қалды.

Әлімханұлы қанша табыс тапты?

Sport Salaries хабарлауынша, бұл жекпе-жек үшін Жәнібек Әлімханұлы 500 мың доллар (шамамен 255 миллион теңге) көлемінде кепілдендірілген гонорар алды. Алайда егер ақылы трансляция (PPV) сатылымы 750 мыңға жетсе, табыс 3,5 миллион долларға дейін (шамамен 1,785 миллиард теңге) артуы ықтимал.

Егер бұл межеден де асса, Әлімханұлының жалпы табысы 5 миллион долларға (яғни 2,5 миллиард теңгеден астам) жетуі мүмкін.

Анауэль Нгамисса қанша алды?

Нгамисса да бұл жекпе-жек үшін қомақты сыйақы алды — Астанадағы жекпе-жек үшін оның негізгі гонорары 350 мың долларды (шамамен 178 миллион теңге) құрады. Егер PPV сатылымдары 700 мың доллардан асып түссе, оның табысы 900 мың долларға дейін және одан да көп (459 миллион теңгеден астам) өсуі мүмкін.

Новости партнеров