«Барыс» хоккей клубы Нұрлан Оразбаевтың бас директор қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады. Бұл туралы ақпарат астаналық команданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Ulyssport.
Оразбаев қызметінен клубтағы бірқатар басқарушылық сәтсіздіктер аясында кетіп отыр.
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) ең нашар маусымдардың бірін өткерді, бұл – команданың тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі ретінде бағалануда.
Нұрлан Оразбаев бұл қызметке 2024 жылғы 9 қазанда келген болатын.
Ол сол кезде Борис Иванищевті ауыстырған. Айта кетейік, бұл – Оразбаевтың «Барыс» құрылымына алғашқы келуі емес еді. Дегенмен, бұл жолы ол клубты бұрынғы жетістіктеріне қайтара алмады.