×

Мерген Никита Чирюкин Аргентинада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды

Қазақстандық Никита Чирюкин Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде медальға бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

09.04.2025, 14:03
Мерген Никита Чирюкин Аргентинада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды
Фото: ҰОК

Ол 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ атудан финалға дейін жетті. Шешуші кезеңде Чирюкин төртінші орынмен шектелді.

Ал жарыстың жеңімпазы – үндістандық Виджайвир Сидху болды.

Екінші орынды италиялық Рикардо Мазетти иеленсе, қытайлық Юйхао Ян қола медаль алды.

Новости партнеров