×

Ангелина Лукас әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін рингке шығатынын айтты (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO, WBF, WIBF, WBC атақтарының иегері Ангелина Лукас Instagram-парақшасында алдағы уақытта абсолютті чемпион атағы үшін рингке шығатынын жазды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

10.04.2025, 17:08
Ангелина Лукас әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін рингке шығатынын айтты (ВИДЕО)
Фото: Instagram @angelina_lukas1997

Ол желіде видео жариялап, қазіргі уақытта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғауға дайындалып жатқанын айтты. Боксшы абсолютті чемпион атағы үшін міндетті үміткер болғанын қуана жеткізді.

Биыл Габриэла Фундораға қарсы жекпе-жекке шығамын — абсолютті әлем чемпионы атағы үшін! Келіссөздер басталды. Мен ресми түрде абсолютті чемпиондыққа міндетті үміткермін! Бірақ алдымен, 1 маусым — Балаларды қорғау күнінде туған қалам Таразда IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағымды қорғаймын. Қарсыласым — Мексикадан немесе АҚШ-тан. Бұл жекпе-жек өте қызу өтеді, - деп жазды видео сипаттамасында Ангелина Лукас.

Еске салсақ, кәсіпқой бокстағы 15 жекпе-жектің 14-інде жеңіске жеткен Ангелина Лукас қарсыластарын жеті рет мерзімінен бұрын жеңген. Тек бір жекпе-жекте ғана ұтылған.

Новости партнеров