Үш қазақстандық гимнаст Хорватиядағы Әлем кубогының кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Осиека қаласында (Хорватия) спорттық гимнастика бойынша Әлем кубогының кезеңі басталды.
Алғашқы күннің іріктеу нәтижелері бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалға жолдама алды.
Тай атындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов іріктеу кезеңін алғашқы орынмен аяқтап, 14,566 ұпай жинады. Осы жаттығуда Зейнолла Идрисов алтыншы орын алды — 14,300. Ол да іріктеуден өтті.
Миляд Карими де жеңуге таласады. Еркін жаттығуларда гимнаст іріктеуде екінші орынға тұрақтады — 13,866 ұпай.
11 сәуірде Карими өз кезегінде турник жаттығуларында финалға шығу үшін, ал Асан Сәлімов тірек секіруде сынға түседі.