×

2028 жылы Олимпиададағы бокс салмақтары бекітілді

ХОК 2028 жылғы Олимпиадаға арналған бокстағы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті, деп хабарлайды Ulyssport 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

11.04.2025, 14:29
2028 жылы Олимпиададағы бокс салмақтары бекітілді
Фото: ҰОК

Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы бокс салмақ дәрежелерінің құрылымын ресми түрде өзгертті. Бұл жаңашылдықтар 2028 жылдың 14-29 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада күшіне енеді.

Олимпиада тарихында алғаш рет ерлер мен әйелдер саны тең болады — әрқайсысы 124 қатысушыдан. Бұл шешім – ХОК-тың Олимпиада ойындарында гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған әрекеттерінің бір бөлігі.

Әйелдерге арналған салмақ дәрежелері (124 боксшы):

51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг

Ерлерге арналған салмақ дәрежелері (124 боксшы):

55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг

Осылайша, әйелдер бағдарламасы бес салмақтан жетіге дейін кеңейтілсе, ерлер бағдарламасы сегізден жетіге қысқартылды.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында салмақ дәрежелері мынадай болған:

Әйелдер: 50 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 66 кг, 75 кг

Ерлер: 51 кг, 57 кг, 63,5 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг, +92 кг

Новости партнеров