×

Бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлын «сынап тастады»

Танымал Rope-a-Dope Boxing Podcast авторы Жәнібек Әлімханұлының кезекті нокаутпен аяқталған жекпе-жегінен кейін оның қарсыластарының деңгейін сынға алды, деп хабарлайды Ulyssport.

11.04.2025, 23:05
Бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлын «сынап тастады»

Подкаст жүргізушісі бұл кездесуде қарсылас тым әлсіз болды деп есептейді.

“Мені дұрыс түсініңіздер, бірақ Жәнібек өз жанкүйерлерінің алдында жасаған лас нокаут болды. Екі соққы — және тыныштық орнады! Бұл өте қатыгез болды. Қарсыласы орнынан тұрды, бірақ әрі қарай жұдырықтаса алмады — ал Жәнібек оны бәрібір жеңетін еді”.

Жүргізуші Әлімханұлының өз салмағында әлдеқашан деңгейін дәлелдегенін айтып өтті. Оның пікірінше, Жәнібекке лайық жалғыз қарсылас — Карлос Адамес.

“ Жәнібекке деген қызығушылығымыз сөнді деп айта алмаймын, бірақ қарсыластарына деген қызығушылығымыз сөніп барады. Себебі қандай нәтиже болатынын алдын ала біліп отырмыз”, — дейді ол.

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ 

Жәнібек Әлімханұлы — орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Қазақстандық боксшы өзінің ерекше техникасы, жойқын соққылары және рингтегі салқынқанды әрекетімен танымал. Әуесқой бокста әлем чемпионы атанған, Лондон Олимпиадасында өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой бокста қарсыластарын бірінен кейін бірін нокаутпен жеңіп, өз салмағында ең қауіпті боксшылардың біріне айналды.

Новости партнеров