×

Тұрлыханов әлемдік арендағы қызметінен айырылды

Қазақстанның даңқты балуаны және спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов халықаралық спорт ұйымдарындағы беделді қызметтерінен біртіндеп айырылып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

11.04.2025, 23:15
Тұрлыханов әлемдік арендағы қызметінен айырылды
Ашық дереккөзден

Биыл наурыз айында ол UWW ASIA (Азия күресі одағы) президенті қызметіне өткен сайлауда жеңіліс тапқан болатын. Енді міне, ол Бүкіләлемдік күрес ұйымының (United World Wrestling — UWW) бюро мүшесі қатарынан да шығарылды.

ЖАҢА БАСШЫ — ИОРДАНИЯДАН

Жаңа президентті сайлау рәсімі 24 наурызда Иорданияда өткен Азия чемпионаты кезінде өтті. Бұл додаға грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 38 ұлттық федерацияның өкілдері қатысып, дауыс берді.

Нәтижесінде 34 дауыс жинаған иорданиялық Мохаммед Аль-Авамала UWW ASIA ұйымының жаңа басшысы болып сайланды. Ол бұл қызметті 2028 жылға дейін атқаратын болады.

ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ

Дәулет Тұрлыханов 2017 жылдан бері Азия күресі ұйымын басқарған болатын. 

Новости партнеров