×

Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды

Спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

12.04.2025, 10:36
Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Іріктеу барысында Карими екінші нәтиже көрсетіп, 14,166 ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша да финалға өткен болатын. Ал ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов жүлде үшін күреседі.

Финалдық бәсекелер 12-13 сәуір аралығында өтеді.

Новости партнеров