×

Саблямен семсерлесуден Гран-при турнирі: Қазақстан құрамасының сапында кімдер өнер көрсетеді

Саблямен семсерлесуден Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulyssport.

12.04.2025, 11:52
Саблямен семсерлесуден Гран-при турнирі: Қазақстан құрамасының сапында кімдер өнер көрсетеді
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Ауқымды халықаралық жарыста еліміздің намысын үш спортшы қорғайды. Құрамға Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы және Қуаныш Ерғашбай енген.

Айта кетерлігі, құрамның соңғы нұсқасында өзгерістер болуы мүмкін.

Гран-при турнирі 2–4 мамыр аралығында өтеді.

Новости партнеров