Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады, деп хабарлайды Ulyssport.
Португалия маркетинг институтының зерттеуіне сәйкес, Роналдудың табысы "Әл-Насрдағы " жылдық жалақысы – 200 миллион еуро және Nike, Tag Heuer, Louis Vuitton сияқты ірі брендтермен жарнамалық келісімшарттардан түсетін 150 миллион еуро табыс табады.
Бұған қоса, футболшы өз кәсібін де дөңгелетіп жатыр. Ол киім, ішкиім, аяқкиім мен парфюмерия брендтерімен айналысады. Сонымен қатар ол фарфор, керамика мен сағат өндірісіне инвестиция салған және әлемнің әр түкпірінде элиталық жылжымайтын мүліктері бар.
Институттың мәліметінше, Роналдудың аты-жөні жылына жаңалықтарда 22,3 миллион рет кездеседі, ал Google жүйесінде оның есімі жыл сайын кемінде 187 миллион рет ізделеді.
Сондай-ақ, академиялық ортада да оның аты жиі айтылады: футболшы туралы 60 мыңнан астам ғылыми мақала, оның ішінде 4 000 кітап жарық көрген. Әлеуметтік желілерде Роналду – YouTube-тағы ең танымал спортшы, оның 74 миллион оқырманы бар. Жалпы алғанда, оның әлеуметтік желілердегі аудиториясы 1 миллиард адамнан асады.