Қазақстан құрамасының және «Ахмат» клубының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Химки» клубының жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстан құрамасындағы жұмысымен танылған ресейлік маман Мәскеу маңындағы клубпен келісімшартқа қол қойған.
Бұған дейін БАҚ-та Адиевтің «Атырау» клубына тағайындалуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тараған еді. Өзі де бұл жөнінде Қазақстан чемпионатындағы клубпен келіссөздер жүргізілгенін растаған болатын.
24 турдан кейін Мәскеу маңындағы «Химки» Ресей Премьер-Лигасында 23 ұпаймен 12-орында тұр.
МАГОМЕД АДИЕВ
Магомед Мұсаұлы Адиев – ресейлік футболшы және жаттықтырушы. Ол 1977 жылы 30 маусымда Грозный қаласында дүниеге келген. Футболшы ретінде шабуылшы позициясында ойнаған. Клубтық карьерасында Ресей, Украина және Қазақстан командаларында өнер көрсетті.
Бапкерлік мансабында бірнеше ресейлік клубтарды жаттықтырған. 2021 жылы Қарағандының "Шахтер" клубының бас бапкері болып тағайындалды. 2022 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері атанып, сол жылы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында жеңіске жетіп, В дивизионына жолдама алды