×

Қазақстандық жағажай волейболшылары Таиландтағы халықаралық турнирді жеңіспен бастады

Сонгкхлада (Таиланд) AVC Beach Tour аясындағы жағажай волейболынан 24-ші Samila Open Азия турының кезеңі басталды, деп хабарлайды ulyssport.

15.04.2025, 10:31
Қазақстандық жағажай волейболшылары Таиландтағы халықаралық турнирді жеңіспен бастады
Фото: ҰОК

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық екі жұп жеңіске жетті.

Дмитрий Яковлев пен Абдулмаджид Мохаммад тартысты әрі шиеленісті кездесуде Қытай спортшыларын 2:1 есебімен ұтты.

Сергей Богату мен Кирилл Гурин жұбы турнирді сенімді бастады. Олар ирандық қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.

Новости партнеров