×

Америкалық спортшы Шавкатты жекпе-жекке шақырды

UFC рейтингінде 6-орында тұрған америкалық Хоакин Бакли қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновпен шайқасқысы келеді, деп хабарлайды Ulyssport qsport.kz-ке сілтеме жасап.

15.04.2025, 11:14
Америкалық спортшы Шавкатты жекпе-жекке шақырды

Хоакин Бакли қазақстандық спортшыға чемпиондық атақ үшін кездесу бермесе, онда "мен дайынмын" деп кеуде қағып отыр. Оған қоса Шавкат өз мүмкіндігін өткізіп алды деп санайды.

– Шавкатқа екі рет мүмкіндік берілді. Екі ретте де пайдаланбады. Сен титул үшін жекпе-жекті тек сыртта қарап отырсаң, қол жеткізе алмайсың. Егер оралсаң және бұл жекпе-жек белбеу үшін болмаса — менімен жұдырықтас, — дейді Бакли.

Бұл салмақтағы чемпиондық шайқас 11 мамыр күні өтеді. Белал Мұхаммед Джек Делла Маддаленаға қарсы белбеуін қорғайды. Шавкат жарақатына байланысты шайқасын кейінге қалдырды.

Қазақстандық спортшы екеуінің жеңгенімен кездесіп қалуы мүмкін. Алайда Шон Брэди Леон Эдвардсты жеңгеннен кейін, чемпиондыққа үміткерлер қатарына қосыла кетті.

Новости партнеров