Ағылшындық «Челси» клубы туралы жазатын танымал X-парақша «Vince» Алматының «Қайрат» командасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың гол соққаннан кейінгі ерекше қуанышын талқылап, оған пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші турындағы матчта Дастан Сатпаев «Атырау» қақпасына бірінші минутта-ақ гол соқты. Бұл – ойынның небәрі 52-секунды еді. Сатпаев голын оң қолымен бетін жауып, ерекше тәсілмен атап өтті. Кездесу «Қайраттың» 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
«Ол небәрі 16 жаста болса да, өзіне тән гол тойлау мәнері бар. Мен оны кінәлай алмаймын – ол әр ойында гол соғуда», – деп жазды ағылшындық ресурс.
САТПАЕВ 2026 ЖЫЛЫ «ЧЕЛСИГЕ» РЕСМИ ҚОСЫЛАДЫ
Еске сала кетейік, 10 ақпанда «Қайрат» клубы Дастан Сатпаевтың трансфері бойынша «Челси» клубымен келісімге келгенін мәлімдеген болатын. Жас шабуылшы 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толған соң, ресми түрде Лондон командасына қосылады.