×

Жеңіл атлетика: жасөспірімдер алғашқы медальдарын жеңіп алды

Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

17.04.2025, 14:27
Жеңіл атлетика: жасөспірімдер алғашқы медальдарын жеңіп алды
Сурет: Алексей Губанов

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы алғашқы медальдарын жеңіп алды. Екі жүлде де жетісайыстағы нәтижелер үшін табысталды.

Жетісайыста 5089 ұпай жинаған Полина Кузубова чемпион атанды. Ал Асылзат Қыдырбай 4355 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Күміс медальді Өзбекстан спортшысы Софья Николаева жеңіп алды — оның көрсеткіші 4904 ұпай.

Новости партнеров