Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Ulyssport порталы ҚР ҰОК-ға сілтеме жасап.
Бапкерлер штабы бұл турнирге бес спортшыны тіркеді.
Жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько және Диляра Исабекова бақ сынайды.
Гран-при кезеңі 2-4 мамыр аралығында өтеді.