×

Үш бірдей чемпиондық белбеу үшін айқас: Әлімханұлы нокаутермен кездесу үшін келіссөз жүргізбек

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC белбеуінің иесі – доминикандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) біріктіруші жекпе-жек өткізуге жақын екенін меңзеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

18.04.2025, 15:44
Үш бірдей чемпиондық белбеу үшін айқас: Әлімханұлы нокаутермен кездесу үшін келіссөз жүргізбек
Ашық дереккөзден

Әлімханұлы Адамеспен келіссөз жүріп жатқанын растады. Тіпті қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берді.

Vesti.kz мәліметінше, жекпе-жек биылғы шілде айына жоспарланып отыр. Бұған дейін айқастың АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтуі мүмкін екені айтылған.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Адамес 2024 жылы бір-бір мәрте титулдарын сәтті қорғаған. Ақпанда Карлос Адамес жеңіліп көрмеген британдық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) тең түскен. Осылайша WBC белбеуін сақтап қалған болатын.

Ал Жәнібек Әлімханұлы сәуірде Астанада өткен жекпе-жекте француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен ұтқан.

Новости партнеров