Freedom QJ League президенті әрі «Жетісу» командасының бұрынғы ойыншысы Рохус Шох «Ахмат» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың Ресей Премьер-Лигасындағы ойынын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ulyssport.
Маманның айтуынша, Самородов алаңда өзін сенімді әрі жарқын жағынан көрсетуде.
«Максим өте жақсы ойнап жүр. Ол болашақта бұдан да мықты клубтың ойыншысы бола алады. Оның ойыны „Спартак“, „Динамо“ немесе „Зенит“ секілді командалардың назарын аударуы мүмкін. Қазіргі деңгейі оған Ресейдің үздік клубтарында, тіпті Еуропа командаларында ойнауға мүмкіндік береді», — деді Рохус Шох.
Сонымен қатар, маман Самородовтың «Спартакқа» ауысуы туралы тараған ақпаратқа да пікір білдірді.
«Бәрі де оның кәсіби қарым-қатынасына байланысты болады. Қазір біз оның жоғары мотивациямен ойнап жүргенін көріп отырмыз. Ресей Премьер-Лигасы — қарқыны жоғары, қиын чемпионат. Сол деңгейде ойнау оңай емес. Бірақ Самородов пен Алип — Қазақстанда талантты футболшылардың бар екенін көрсететін нақты мысалдар. Олар шетел чемпионаттарында өздерін дәлелдей алатынын көрсетіп жүр», — деп толықтырды Шох.
Айта кетейік, Максим Самородов биылғы маусымда Ресей чемпионатында 16 матч өткізіп, 4 гол соқты.