×

Бүгін боксшыларымыз кіммен жұдырықтасады?

Бүгін Париж Олимпиадасындағы бокс бәсекесінде екі жерлесіміз шаршы рингке көтеріледі, деп хабарлайды Ulyssport.kz

29.07.2024, 18:56
Тұрар Қазанғапов

00:04. Ерлер, 63,5 кг. 1/8 финал:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы🆚🇹🇼Чу Ен Лай (Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері)

Чу Ен Лай алғаш рет 2016 жылы Таиландта өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында отандасымыз Дидар Утелбаевқа 0:5 есебімен есе жіберген.

2017 жылы Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында 60 келідегі Әділет Құрметов әлем чемпионатының жолдамасы үшін қосымша айқаста дәл осы боксшыдан басым түсті.

2018 жылы Джакартадағы жазғы Азия ойындарында Саматәлі Төлтаев 1/8 финалда Тайпей өкілінен 3:2 есебімен басым түсті.

2022 жылы Таиландтағы халықаралық турнирде 63 келідет Санатәлі Төлтаев ширек финалда Тайпей спортшысын 3:2 есебімен жеңді.

 

00:52. Ерлер, 92 келіден жоғары. 1/8 финал:

Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Гафда Дрисси (2023 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері)

Қос боксшы бұған дейін 2019 жылы Екатеринбургте өткен Әлем чемпионатының 1/8 финалында жолдары түйісті. Нәтижесінде Қамшыбек қарсыласын 2-ші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

2021 жылы Белградта өткен Әлем чемпионатында аса ауыр салмақта Нұрлан Сапарбайға сенім артылды. Алайда жерлесіміз бірінші айналымда-ақ Испания боксшысына 1:4 есебімен жол берді.

2022 жылы Болгариядағы «Странджа» турнирінде Нұрлан Сапарбай ширек финалда кеткен есесіне лайықты жауап қайтарды. Ол ширек финалда Аюб Гафда Дриссиді мерзімінен бұрын жеңді.

Новости партнеров