×

Зайнутдинов «Бешікташтан» кететін болды

Түркиялық «Бешікташ» футбол клубы алдағы жазғы трансферлік терезеде бірнеше шетелдік ойыншымен қош айтысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

22.04.2025, 22:30
Зайнутдинов  «Бешікташтан»  кететін болды
Ашық дереккөзден

Командадан кетуі ықтимал футболшылар тізімін италиялық шабуылшы Чиро Иммобиле бастап тұр. Сонымен қатар, бұл тізімге Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов, португалиялық Жоау Мариу, неміс қорғаушысы Феликс Удуокай, бразилиялық Габриэль Паулиста және ағылшын футболшысы Алекс Окслейд-Чемберлен де енген.

Бұған қоса, командадан түрік ойыншылары Онур Булут пен Тайып Талха да кетуі мүмкін екені айтылуда.

Егер «қара-ақтар» аталған ойыншылардың барлығымен келісімшартты бұзса, клубтың жалақы қоры шамамен 20 миллион еуроға үнемделмек. Иммобиле мен Чемберленнің жалақылары бұл соманың жартысын — 10 миллион еуроны — құрайды. Дегенмен, дәл осы екі ойыншының жоғары жалақысы олардың басқа клубқа ауысуын қиындатуы мүмкін деген алаңдаушылықтар бар.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр