×

Клопп "Қайраттың" формасын ұстады: Қазақстанға қандай қатысы бар

"Қайрат" футбол клубының техникалық директоры Евгений Красиков әлеуметтік желіде атақты бапкер Юрген Клопппен түскен фотосын жариялады.Көпшіліктің назарын аударған суретте Клопп Алматы клубының жейдесін ұстап тұр. Бірақ бұл кездейсоқ фото емес – Клопп пен Қазақстан арасындағы байланыстың тереңде жатқанын біреу білсе, біреу білмейді, деп хабарлайды Ulyssport.

24.04.2025, 23:20
Клопп "Қайраттың" формасын ұстады: Қазақстанға қандай қатысы бар
Әлеуметтік желіден

ЕУРОПАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖӘНЕ КЛОППТЫҢ ҚАТЫСУЫ

Бұл кездесу Еуропалық клубтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шара аясында болды. Германиядағы "РБ Лейпциг" базасында жасөспірімдер футболын дамытуға арналған ірі конференция өтті. Кездесуге Клопп та қатысты – ол Red Bull желісінің футболды дамыту директоры қызметін атқарады.

КЛОПП "ҚАЙРАТҚА" ЖОЛ ТІЛЕП, ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТЫСЫ БАР ЕКЕНІН АЙТТЫ

"Клопп Қайратқа еурокубоктарда сәттілік тіледі. Сонымен қатар, оның Қазақстанға жеке байланысы бар екенін айтты: ұлының жұбайының ата-анасы – Қазақстаннан. Біз оны елге келуге шақырдық. Ал "Майнц" клубында №4 нөмірмен ойнағандықтан, бұл сан оған ерекше маңызға ие", – деді Евгений Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында.

КЛОППТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ЛИВЕРПУЛЬДЕН – RED BULL-ҒА

Айта кетейік, Юрген Клопп өткен маусымның соңында бапкерлік мансабына үзіліс жариялап, Red Bull-дың ғаламдық футбол жобаларын басқаруға көшті. Ол Дортмундтың "Боруссиясымен" екі рет Германия чемпионы атанып, "Ливерпульмен" Англия чемпионаты мен Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Новости партнеров