×

Бақыт Құсақбаева дзюдодан Азия чемпионатының үшінші медалін Қазақстан қоржынына салды

Қазақстандық спортшы Бақыт Құсақбаева дзюдодан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

26.04.2025, 15:44
Бақыт Құсақбаева дзюдодан Азия чемпионатының үшінші медалін Қазақстан қоржынына салды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Үшінші орын үшін белдесуде Құсақбаева Түрікменстан өкілі Майса Пардаеваны жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.

Новости партнеров