Өзбекстандық шабуылшы Шохбоз Умаров жазда «Тұран» командасынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.
Өзбекстандық футболшы жаз мезгілінде басқа командаға ауысуы ықтимал. “Тұран“ шетелдік ойыншыларға жалақысын төлемеген және құрамын қалай сақтап қалатынын білмейді.
“Умаровқа Өзбекстан чемпионаты мен басқа да шетелдік лигалардан ұсыныстар түскен», — деп жазады «Candidate Kairov» Telegram арнасы.
Түркістандық команданың жетекші ойыншыларының бірі «Энергетик БГУ» және БАТЭ клубтарында ойнаған. Қазақстан Премьер-Лигасында «Ордабасы» сапында өнер көрсетті. Биылғы маусымда КПЛ-де бес матч өткізіп, бір гол соқты.
2021-2024 жылдары Өзбекстан құрамасының намысын қорғап, бес ойынға қатысты.