×

Темірлан Әбдраимов бессайыстан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына дейін жетті

Будапештте (Венгрия) бессайыстан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

29.04.2025, 17:07
Темірлан Әбдраимов бессайыстан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына дейін жетті
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижеге Темірлан Әбдраимов қол жеткізді. Ол іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Әбдраимов 17-орынмен мәреге жетті. Алайда финалға шыға алмады.

Сондай-ақ ерлер арасындағы жарыста Кирилл Стадник те бақ сынады. Ол іріктеу кезеңінде жарысты аяқтады.

Айта кетейік, былтыр Темірлан Әбдраимов пен Людмила Яковлева Каирде (Мысыр) өткен Әлем кубогында аралас эстафетада күміс жүлдегер атанған болатын.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр