×

Тағыбергеннің орнын басуы мүмкін ойыншылар белгілі болды

Асхат Тағыбергеннің орнын басуы мүмкін футболшыларды Ұлттық құраманың бас бапкері атады, деп хабарлайды Ulyssport.

29.04.2025, 23:25
Тағыбергеннің орнын басуы мүмкін ойыншылар белгілі болды
Ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының бапкері Әли Әлиев ұлттық команданың тірек жартылай қорғаушысы позициясына үміткер ойыншыларды атады.

«Бүгінде тірек шебінде төрт футболшыны қарастырып отырмын. Олар — „Елімайда“ ойнайтын Төлюбаев, ол жағымды жаңалық, алаң ортасын түгел жауып тастайды. Жұмат („Оқжетпес“), Төлюбаев („Елімай“), Халматов („Ордабасы“), Султаниязов („Ордабасы“)», — деді Әлиев YouTube-тағы «Sport Pulse» арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан құрамасында тірек аймағының негізгі ойыншысы — капитан Асхат Тағыберген болған. Алайда ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарындағы ойыны үшін сынға ұшырады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр