Облыс прокуратурасы бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубы қызметін тексерді, деп хабарлайды Ulyssport.
Тексеру барысында 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасауы бар.
Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.
ТЕКСЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
ІС АНТИКОРҒА ЖОЛДАНДЫ
Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
Істердің тергелуі облыс пркуратурасының бақылауында.