Bolavip.com сайты мексикалық бокс супержұлдызы Сауль «Канело» Альварес пен екінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Вильям Скалл арасындағы алдағы жекпе-жек бокс жанкүйерлерінің арасында аса үлкен қызығушылық тудырып жатпағанына назар аударды, деп хабарлайды Ulyssport
3 мамыр күні «Канело» мен Скалл Эр-Рияд қаласында суперорта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Алайда сайттың мәліметінше, көптеген жанкүйерлер үшін Альварестің Геннадий Головкинмен болуы мүмкін төртінші айқасы әлдеқайда қызығырақ. Себебі Скалмен болатын кездесуде көпшілік ешқандай интрига көрмейді.
«Қоғамның назары “Канелоның” Давид Бенавидеспен жекпе-жегі, Дмитрий Биволмен мүмкін болатын қарымта кездесуі немесе тіпті Геннадий Головкинмен ностальгиялық қайта кездесуіне ауып тұрған сәтте, шындық мынада: сенбі күні, 3 мамырда, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында “Канело” Вильям Скалмен жекпе-жек өткізеді. Және әлі жеңілмеген кубалық боксшы әлемдік аренада өз деңгейін дәлелдеуге бел буып отыр», — деп жазды сайт.
Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы соңғы жекпе-жек 2022 жылдың қыркүйегінде өтті. Бұл олардың трилогиясының үшінші кездесуі болды. Өкінішке орай, Головкин бұл жекпе-жекте жеңіліп, орта салмақтағы WBA, IBF және IBO титулдарынан айырылды.
Қазіргі уақытта Головкин мансабын ресми түрде аяқтамағанымен, ол жаңа жекпе-жекке ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін мәлімдеген. Сонымен қатар, "Канелоға" Головкинмен төртінші жекпе-жек өткізу туралы ұсыныстар түскені де белгілі.