×

Қазақстанда параспорттың барлық түрі бойынша жеке федерациялар құрылады

Қазақстанда паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін жүйелі өзгерістер қолға алынып жатыр. Мәжіліс депутаттарының сауалына үкімет басшысы Олжас Бектеновтің жауабында бұл жөнінде толығырақ баян еткен, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 12:14
Қазақстанда параспорттың барлық түрі бойынша жеке федерациялар құрылады
Ашық дереккөзден

Бектеновтің айтуынша, бүгін де елде олимпиадалық, паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларына арналған төлемдердің бірыңғай мөлшері белгіленген. Сонымен қатар, аталған санаттағы чемпиондар мен жүлдегерлер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

«2023 жылдан бастап паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету қарастырылды», – деді премьер-министр.

Оның сөзінше, спорттық атақтарды беру кезінде де кемсітушілікке жол берілмейді. Олимпиада мен Паралимпиада бағыттары бойынша бірдей спорттық атақтар қарастырылған. Мұндай шешімдер бірыңғай спорттық жіктеу жүйесі негізінде іске асады.

Басты жаңалық – елімізде параспорттың барлық түрлері бойынша жеке федерациялар құрылмақ. Бұл қадам параспорт саласындағы басқару тиімділігін арттырып, салада үйлесімді және бірыңғай саясат жүргізуге жол ашады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр