Қазақстандық "Қайрат" футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында сенсациялық жеңіске жетіп, испаниялық фаворит "Картахенаны" 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Ойын Францияның Ле-Ман қаласында өтті және нағыз драмалық матчқа айналды.
Кездесудің басты қаһарманы Алиссон болды. Ол 16 және 36-минуттарда дубль жасап, командасын алға шығарды. Ал үшінші голды 39-минутта қақпашы Деннис Кавальканти соғып, матчтың тағдырын шешті. Испаниялықтар бар күшін салып, есепті теңестіруге тырысты: Мигель Анхель Мельядо бірінші таймның соңында (20-минутта) есепті теңестірсе, Габриэль Мотта 40-минутта пенальтиден гол салып, айырмашылықты қысқартты. Алайда бұдан арыға шамалары жетпеді.
Бұл жеңіс "Қайраттың" 2019 жылдан бергі алғашқы финалы болмақ. Ол жылы алматылықтар шешуші ойында португалиялық "Спортингке" 1:2 есебімен есе жіберген еді. Айта кетейік, биыл "Қайраттың" финалда испаниялық "Пальма" командасымен кездеседі.
Финал 4 мамырда өтеді және бұл "Қайраттың" тарихындағы үшінші финал болмақ. Бұған дейін алматылық клуб Чемпиондар лигасын (ол кезде — УЕФА кубогы) 2011 және 2013 жылдары жеңіп алған.